Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 27.07.2026, 04:48

Тек тазалығы-ұрпақ болашағы

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [3]
Наш опрос
ОТБАСЫН ЖОСПАРЛАЙ БІЛЕСІЗ БЕ?
Всего ответов: 46
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

Қазақ некесінің ерекшелігі

Қазақ некесінің ерекшелігі  инабаттылықты, мейірімділікті, үлкенді және бір-бірін сыйлау, құрметтеу, адамдық қасиеттерді дарытуға игі ықпал ететін және оның өмірге тез сіңіп, болашақ отбасының тұрақтанып,бала тәрбиесінің жақсартып, адамдар арасындағы қарым-қатынас жарасымын көркейтіп, жауапкершілікті өркендетуге ықпал етуі. Мәселен, ата-ана құқықтары қыз беріп, қыз алу, құда түсіп, құдалы болу, қазақ некесінің ерекшеліктері, қалың мал мәселесі, бата бұзу, ажырасу, бала асырау, әмеңгерлік, мирас пен мұра т.б. ежелгі отбасы дәстүрлері мен соған қатысты қағида ерекшеліктері жайында мағлұматтардан қазақ халқының отбасына ерекше мән бергенін, шаңырақ шайқалып, босаға босамауына назар салғанын көреміз.  Қазақта «үйлену оңай, үй болу қиын» дегендей үйленіп, үй болу адам өмірінің ұмытылмас кезеңі. Оның да өзіндік қызығы мен қиындығы бар. Ежелден бері қалыптасып келе жатқан дәстүр бойынша, қазақ халқында отау тігудің әр түрлі, рет-ретімен орындалатын салт-дәстүрлері өте көп. Отау тігу дәстүріне көрік беріп, қызықты әрі мағыналы ететін – салт-дәстүр. «Қызын қияға, ұлын ұяға» қондыру әке-шешенің ұл-қызына деген міндеті. Қазақ табиғатында отбасы иелері балаларының алдында өздерінің тіршілік әрекетінде барлық адамгершілік қасиеттерін, үлгісін көрсете білген. Оның басты себебі «ұлдың ұяты әкеде, қыздың ұяты шешеді» деп бағалағандықтан. Жас отаудың пайдасына асатын әдет-ғұрыптар келешегін, нәсілінің болашағын ескертуден туындап, халқымыздың ұлын үйлендіріп, қызын ұзатуда ғасырлар бойы желісін үзбей жалғасып келген.

Ата-анамыз екі жасты үйлендірмес бұрын қалыңдықты жеті атадан асырып іздеу қажет деген шарт қояды:

·     бұл талаптың мәнін халқымыз былай түсіндіреді: қандас туыс адамдар үйленсе, дұрыс бала туылмайды, туыла қалғанның өзінде ғұмыры қысқа болады;

·     ағайын-туысқан арасында әдепсіз, жағымсыз қылықтар етек алып, ынтымақ бұзылады.

Осылайша атақты қазақтар қашанда өзінің баласына басқа бір рудан, тайпадан барып, өзінің теңіндей адамдардың қызын айттыруға тырысады. Айттыру, құда түсу ежелден келе жатқан дәстүр. Алайда құда болудың бірнеше жолдары бар. Кейбір өмірдің ащысы мен тәттісін бірге өткізген адамдар достықтары артып, туыс болғысы келсе, бала өмірге келмей жатып құдаласуға уәделеседі де бел құда, екі нәрестені бесікте жатқан кезінен айттырып бесік құда атанады. Қазіргі таңда көп қолданылатын құдалықтың бір түрі қыз бен жігіттің келісімімен ұл жағы сырға тағып, құда түседі. Қалай да отау құрғанда жаңа түскен келіннің екі жақты жақындататын дәнекерлік рөлі аз емес. Қазақтың ертеден белгіленген заңы бойынша жеті атадан бері қыз алыспайды. Қазақтың тағы бір жазылмаған заңы – әйел күйеуден 8 жас, ер әйелден 25 жас үлкен болса, қосылуға рұқсат етілмейді. Бірақ, әмеңгерлік жолда мұндай некелік ережелер мен шектеулер қаралмаған.

 

Категория: Мои статьи | Добавил: karinka15 (28.11.2013)
Просмотров: 1229 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Поиск
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Copyright MyCorp © 2026