Главная | Регистрация | Вход | RSSПонедельник, 27.07.2026, 18:42

Тек тазалығы-ұрпақ болашағы

Меню сайта
Категории раздела
Мои статьи [3]
Наш опрос
ТЕК ТАЗАЛЫҒЫН БҮГІНГІ КҮНДЕ САҚТАУ ҚАЖЕТ ПЕ?
Всего ответов: 40
Статистика

Онлайн всего: 1
Гостей: 1
Пользователей: 0

Каталог статей

Главная » Статьи » Мои статьи

Қазақтың тегін тергеген текті ұл
Ғабит Мүсірепов қазақтың тарихын зерттеуге де көп көңіл бөлген. Сол арқылы қазақ ұлтының әлемдік өркениеттер көшінде ойып тұрып алатын орнын, өзіндік төлтума мәдениеті мен өнерін аса бағалаған, өзгеге де бағалатқан. Әсіресе, бояу-бітімі бөлекше, әуезді де сазды қазақ тілі туралы кеңінен толғанған. Ол Орхон ескерткіштерінің сырына үңіліп, одан қазақы үндестікті іздеген. Білге қаған мен Күлтегіннің, Тоныкөктің биік тұлғасын дәріптептеген. 
Ғабаң: «Негізінде олар қыпшақ қағандары, қыпшақ қолбасылары, ал қашаннан бері оларды түркі қағанаты дегенбіз? Орхон-Енисей жазулары тасқа қыпшақ қолымен түсірілген» - деп пайымдайды Аға.– Қыпшақ мемлекеті жаңа жыл қайырудың VІ ғасырында құрылған. Мемлекет құрамында оғыз, қарлұқ, сияқты әлденеше тайпалар болғанымен тілі бір. Үш Тулы қыпшақ деп те аталады» - деп түйіндейді. (Мүсірепов Ғ. Ой-сезім сәттері. – құрастырған С. Дәуітұлы – Алматы: Жалын 1996). Бұл жөнінде белгілі түркітанушы ғалым Қ. Сартқожаұлы өзінің еңбегінде «...үш баулы қыпшақтар, тоғыз-оғыз, он-оқ түргештер – осы алтауы бірлікте, ынтымақта болған кезеңдерде айбынды қағанат орныққан». Қағанаттың билеуші тайпасы қыпшақтар екенін де жазған. Сонымен бірге белгілі қоғам қайраткері, ғалым М. Жолдасбекұлының пікірі де «Біз тарихқа, тастардағы жазуға қарап отырып, осыны жазып қалдырған, орнатқан кімдер екен дегенге ден қойдық. Ол қыпшақтар деп байлам жасадық. Өйткені түрік империясын құрған қыпшақтар, он оқ (үйсін, дулат), қаңлы, түргеш, басмыл, қарлұқ, сегіз-оғыз, (найман), тоғыз-оғыз (керей), арғу(арғын), қият, қай, таз, әлім, шекті , адай өзге де рулар қазақ халқының этностық ұйытқысына, мәйегіне айналды» дейді. (Жолдасбеков М., Сартқожа Қ. Алтын арқаулы асыл мұра\\Егемен Қазақстан 2005 – 28 мамыр 4 бет). Міне, осындай зерттеулер Мүсірепов тұжырымдарының дәйектілігін, дерекке сүйене айтқандарын дәлелдей түседі. 
«Арғы замандарда қазақ атының іздері, барлық түрік нәсілдес елдермен бірге Қытайдың Шығыс жақ бетінде де қалған, – дейді қаламгер – «Түрік батыры – Құтлұқ 679-693жж. арасында Қытай империясына қарсы көтеріліс жасаған. Сол тұста айтқан Құтлұқ батырдың бір сөздері тарих бетіне түскен. Ол сонда былай деген екен: «Қытай қолында қандай ерлеріміз құл болып қалды, қандай таза сұлу әйелдеріміз күң болып қалды! Біз бұларға елу жылдық еңбек күшімізді бердік! Біз Қытайға басқа мемлекеттерді жеңіп бердік. Біз мемлекеттік халық едік, қайда сол мемлекетіміз? Біз қағаны бар ел едік, қайда сол қағанымыз? Енді бұл қорлықта отыра бергенше өзімізді өзіміз құртайық, қырылайық!» - депті. Осы ерлік сөздердің логикалық тебіренісінде маған қазақ үні де естіледі» ( Мүсірепов Ғ. Күнделік. Алматы: Ана тілі 1997). Бұл тұстарда қаламгердің қазақ этногенезінің тамырын тереңге апарып және тарихтың қайта айналып келгенін яғни өзі өмір сүрген заманда тап Құтлұқ батырдай толғанғаны көрінеді. 
Ғ.Мүсірепов тарихқа, тәжірибеге ден қойған. Орхон- Енисей жазбаларын «.... бұл өскен тілге тән көркем әдебиет тілі, әрі шешен, әрі көркем сөйлей алатын халықтың тілі. Будандаспаған, сыртқы әсерден таза тіл, деп сипаттама беріп, VІ ғасырда осындай дәрежеге жеткен тілдің түп тамыры жаңа жыл қайырудың әр жағында, ой жетпес әріде жатпақ» - деп нақтылайды. ( Мүсірепов Ғ. Ой-сезім сәттері. – құрастырған С. Дәуітұлы – Алматы: Жалын 1996).
Сөйтіп, ұлтын сүйген ұл қазақ тілінің тарихына басты назар аударған. Ол «қазақ тілін орта ғасырдың бас жағында құралған»- дейді. ( Мүсірепов Ғ. Ой-сезім сәттері. – құрастырған С. Дәуітұлы – Алматы: Жалын 1996). Сонымен қатар ана тілін әзірбайжан, өзбек, түркімен, қырғыз, тәжік, татар, башқұрт тілдерімен салыстыра зерттей отырып, туған тілінің өзіндік ерекшелігін, қадір- қасиетін айқындайтын жазушының ғылыми тұжырымдары аса бағалы. Енді бірде Мүсірепов былай деп толғайды: «Қазақ тілі түрік тілінің – төлтумасы және қазақ тілінен басқа Орта Азия халықтарының тілдерінде өзге тілдердің әсері бар. Өзбек тілінде – Хорезм, Соғды-тәжік тілінің, араб тілінің әсері де қоспасы күшті. Әзірбайжан, түркімен, өзбек, қырғыз, татар, башқұрт тілдерінің бәрінде осылай. Бір кезде Моңғол үстемдігі кезінде, Орта Азияда Қарлұқ- Ұйғыр тілі – мемлекет тілі болған. Қазақ тілінде мұның да әсері жоқ.Біз, Сыр бойындағы елдер, Шымкент, Әулие Ата т.т, Ташкент,Қоқан, Хиуаға қарады. Сонда да тілі бұзылған жоқ...» (Мүсірепов Ғ. Тұтқын қыз: Повестер және ой-толғамдар. Дайындаған Ғ. Нарымбетов. – Алматы: Балауса, 1993).
Ғабит Мүсірепов қазақ халқының басынан қандай аласапыран замандар өтсе де, өз сөзімен айтар болсақ, «Сонша быт-шыт болған кездері бола тұрса да, шаруашылық түрі, тілі, мінезі, кәсібі, ойын- күлкісі, құмары мен безінері т.т. бір бұзылмаған. Ұлттық нышанға кіретін тіл, экономика, т.т. сақталған, тұтас, бір... » (Мүсірепов Ғ. Күнделік. Алматы: Ана тілі 1997) дегенде, сонау «аласапыран замандардан» аман-сырқатсыз сақталып келген ана тіліміздің мынау бейбіт, тәуелсіздік заманында жетім баланың күйін кешіп жаутаңдап жүргені жанды ауыртады.
Дәулетқали Асауов
 

Источник: http://Дәулетқали Асауов
Категория: Мои статьи | Добавил: karinka15 (26.11.2013)
Просмотров: 706 | Рейтинг: 5.0/1
Всего комментариев: 0
Имя *:
Email *:
Код *:
Форма входа
Поиск
Друзья сайта
  • Официальный блог
  • Сообщество uCoz
  • FAQ по системе
  • Инструкции для uCoz

  • Copyright MyCorp © 2026